418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңде кесірлі вирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу шарасы өтті

  • 159
  • UPD: 21:04, 13.07.2020

Қытай астанасы Бейжіңде коронавирустан көз жұмған қазақстандықтарды еске алу шарасы өтті. Сондай-ақ қазақ халқына қайғырып көңіл айтқан Шанхай Ынтымақстастық Ұйымында мемлекеттік ту да төмен түсірілді.

Ұйымның басхатшысы Владимир Норов Ұлттық аза тұту күніне орай қазақ жұртшылығын сабырға шақырды. Үкіметтің COVID-19-бен күрес жолындағы қадамдарын атап өтті.

Дипломаттың айтуынша, елдегі жағдайдың тұрақталуы әрбір тұрғынның санитарлық нормаларды сақтауына тікелей байланысты. Норов қазақстандық медициналық қызметкерлердің жұмысын жоғары бағалап, пандемиямен күрес жолында ұйымның Қазақ еліне қолдау көрсетуіне дайын екендігін жеткізді. 

Владимир Норов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

- Көпұлтты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ұжымының атынан қазақ еліне елде жарияланған ұлттық аза тұту күніне орай қайғырып көңіл айтамыз. Болашақта бұл қаралы күндер ұмытылып, қазақ халқы және әлем жұртшылығы қалыпты тіршілікк еоралатын болады. Эпидемиологиялық жағдайдың қиындығына қарамастан дәрігерлерерлігі, медициналық қызметкерлер мен еріктілердің жұмысы аса құрметке ие. Бұл біздің заманымыздың шынайы батырлары. Пандемиямен күрес жолында ақ халатты абзал жандар кәсібилік, ерлік, табандылық, бауырмалдық көрсете білді. Бұл орайда біздің ұйым коронавируспен күрес жолында Қазақстанмен бірігіп әрекет етуге әрдайым дайын екенін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы