418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дерт жұққан дәрігерлер індеттен қайтыс болғандардың статистикасын толықтырды

  • 151
  • UPD: 23:05, 13.07.2020

Қазіргідей қауіпті кезеңде жақынын жоғалтып жатқандар көп. Күнде әр науқастың өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлер де, өкінішке орай, бұл індетке шалдығып, қайтыс болғандардың статистикасын толықтырып жатыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған ақ халаттыларды марапаттады. Көкшетау қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Олег Исаев пен Ақтөбе облысы инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров арнайы марапат тағайындалды. Өкінішке орай, көзі тірісінде алып үлгірмеген құрмет бүгін берілді.

Ақмарал Ысқақова, Көкшетау қалалық ауруханасының бас медбикесі:

- Оның қол астында білікті дәрігерлер, медбикелер жұмыс істеді. Бүгінгі күнде ол кісінің еңбегі жақсы бағаланып, халық батыры халық қаһарманы деген атаққа бүгінгі күнде ие болды. Осы пандемияда адам өміріне араша түсем деп, өз өмірі қиылып кете барды.

Хабар 24 телеарнасы