418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды

  • 148
  • UPD: 20:58, 13.07.2020
Қостанайда карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды

Қостанайда бес кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды. Олар локдаун режимі кезінде астыртын жұмыс істеген. Мұндай заң бұзушылықтарды рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ анықтады.

Айта кету керек, аймақта эпидемологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты өткен демалыс күндері бірқатар шектеулер енгізілген. Алайда сол мезгілде себепсіз емін-еркін көше кезіп жүргендер аз болған жоқ. Ал қоғамдық тамақтану орындары, интернет клубтар тәртіпке бағынбай жұмыстарын жалғастыра берген. Енді олар отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен бірге коттедждерде мерекелік басқосулар, офистерде семинарлар өткізбек болғандардың әрекеті жүзеге аспады.  

Анар Сүлейменова, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы:

– Жеке тұлға өзін кәсібін тіркемей суши, пицца жасап, тапсырыстар қабылдайтыны анықталды. Ол орын біздің басқармада тіркелмеген болып шықты. Барлық заң бұзушылықтар іс жүзінде жүргізіліп жатыр. Әкімшілік іс қозғалады әр заң бұзушылықтарға.

Хабар 24 телеарнасы