431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысына Ресейден дәрігерлер барды

  • 288
  • UPD: 23:01, 13.07.2020

Атырау облысындағы ушыққан эпидемиологиялық ахуалды қалыпқа келтіру мақсатында Ресейден алты дәрігер келді.

Үш реаниматолог, екі пульмонолог және бір инфекционист мұнайлы өңірге көмек көрсету үшін арнайы жіберілген. Олар консультациялық көмек көрсетіп, тікелей науқастарды емдеуге жұмылдырылады. Жоспар бойынша Атырауда үшінші тамызға дейін жұмыс істейді. Аймаққа жақын күндері Астрахань облысынан тағы бес медицина қызметкері келмек.

Нұрлыбек Қабдықапаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Облыс әкімінің Астрахань облысының губернаторымен келіссөз жасалып, сол келісім арқылы сол 5 дәрігерді күтіп отырмыз. Олар Ресей жағынан Сыртқы істер министрі беретін келісімін күтіп отыр. Біздің жақтан барлық сол дәрігерлерге жасалатын: осы жерден күтіп алу мәселесі, ұйымдастыру мәселесі бәрі дайын тұр бізде.

Хабар 24 телеарнасы