418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұлттық парктер уақытша жабылады

  • 187
  • UPD: 23:20, 13.07.2020
Алматыдағы ұлттық парктер уақытша жабылады

Ертеңнен бастап Алматыдағы ұлттық парктер уақытша жабылады. Қала билігі осындай шешім қабылдады.

Енді Медеу, Алма Арасан және Бутаковка аталып кеткен орындарға көліктермен баруға болмайды. Тек жаяу немесе велосипедпен ғана қатынауға рұқсат беріледі. Оның өзінде ұлттық парктер демалыс күндері жұмыс істемейді. Келушілерге өзімен бірге тамақ алып жүруге тыйым салынған. Ұлттық парктерде спортпен шұғылдануға ғана болады. Ал от жағып, шатыр тігуге рұқсат жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы