418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға 33 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

  • 181
Елордаға 33 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Препарат тасымалдаумен айналысатын компания қажет дәрілерді Үндістаннан, Польша мен Франциядан алдырған екен.

Арасында өз елімізде өндірілген препараттар да бар. Енді оларды қаладағы 500-ге жуық дәріханаға тасымалдайды. Жауаптылар тұрғындардың антивирустық дәрігерлерді ертеңнен бастап сатып алуына болады дейді. Препараттардың бағасы қатаң бақылауға алынған. Өйткені дәрі шығарып жатқан зауыттар құнды өсірмеген екен. Сондықтан дәрінің қымбаттауына еш негіз жоқ.  

Ақмарал Тағауова,  дәрі-дәрмек тасымалдайтын компанияның өкілі:

– Біз тапсырыс беріп үлгірмей жаттық. Өйткені індеттің дәл бұлай өршіп кететінін ешкім болжаған жоқ. Дәріханалар да қандай көлемде дәрі керектігін санай алмады. Сондықтан біраз препарат тапшы болды. Мұндайды енді болдырмау үшін қауырт қызмет қылып жатырмыз. Қосымша жұмысшыларды жалдадық. Керек дәрігерлер тоқтаусыз жеткізіп тұрамыз. 

Хабар 24 телеарнасы