418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысына екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры әкелінді

  • 130
  • UPD: 09:00, 14.07.2020
Түркістан облысына екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры әкелінді

«Аскорбин қышқылы», «дексаметазон» және «гепарин» секілді емдік препараттардың жүз мыңдаған қорабы тиелген жүк көліктері көршілес өзбек елінен келіп жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Емге дәру заттарды сатып алуға бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Фармацевтикалық тауарлар алдымен мемлекеттік ауруханалардың сұранысы бойынша таратылады. Қалғаны дәріхана сөресіне қойылып, сатылымға шығарылады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жуырда өңірге Түркиядан тағы дәрі-дәрмек артылған керуен келуі тиіс. Әкімдік тарапынан жалпы дәрі қорын жасақтауға 500 миллион теңге қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы