418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үйлерді дезинфекциялау жұмыстары қайта жанданды

  • 131
  • UPD: 08:57, 14.07.2020
Алматыда үйлерді дезинфекциялау жұмыстары қайта жанданды

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, Төтенше жағдай кезеңінен бастап, маусым айының ортасына дейін қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы аптасына екі рет заласыздандырылатын. Бірақ бүгінде бұл жұмыс тоқтап қалған еді. Себебі мердігер ұйымдармен жасалған келісімшарт тек 17 маусымға дейін жасалған. Карантин уақытында аса маңызды шаралардың бірі саналатын бұл жұмыстар бүгін қайта жанданды. Басқарма басшыларының айтуынша, үйлерді залалсыздандыруға ел аумағында пайдалануға рұқсаты бар, қауіпсіз ерітінді қолданылады.

Мейіржан Отыншиев, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары:

– Алматы қаласында 8628 үй, 238520 кіреберіс және 4106 аула бар. 2020 жылдың 13 шілдесінен бастап осы аталған үйлер мен аулаларды дезинфекциялау жұмыстары қайта жандандырылды.

Хабар 24 телеарнасы