418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Ингавиринді» үш есе қымбат сатқандар анықталды

  • 156
  • UPD: 10:36, 14.07.2020
Шымкентте «Ингавиринді» үш есе қымбат сатқандар анықталды Kazlenta.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қала тұрғынының дәрілік препараттарды қымбат бағада заңсыз сатқандығы жайлы жедел ақпарат келіп түсті.

Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында жалпы сомасы 150 000 теңгеге 10 қаптама «Ингавирин» дәрісін (РФ-да өнідірілген) сату фактісі анықталды. Яғни 1 қаптамасы – 15 000 теңге, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Алайда 2019 жылғы 15 шілдедегі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген препараттың шекті бағасы 1 қаптамасына 5640 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы