417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жергілікті бюджеттер шығыны 2,5 трлн теңгеге жетті

  • 138
  • UPD: 10:00, 14.07.2020
Жергілікті бюджеттер шығыны 2,5 трлн теңгеге жетті

2020 жылдың алғашқы бес айында жергілікті бюджет шығындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,3% артып, 2,5 трлн теңгеге жетті.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,8 трлн болған, деп хабарлады finprom.kz.

Биыл өңірлер 2,3 трлн теңге көлемінде мақсатты трансферттер ұсынады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 маусымда 671 млрд теңге бөлінді. Оның 96% немесе 643 млрд теңге игерілді. Ал 28 млрд теңге орындалмады, оның ішінде үнемдеу – 8 млрд теңге, 20 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игерілмеу Алматы (3,4 млрд теңге) және БҚО (2,7 млрд теңге), сондай-ақ Павлодар облысы (2,6 млрд теңге), Қызылорда облысы (2,4 млрд теңге) және Қарағанды облысында ​​(2 млрд теңге) болды.

Түркістан облысының жергілікті бюджетіне ең көп мөлшері шығын келген: 285,7 млрд теңге. Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті бюджеттерінің шығындары сәйкесінше 234,4 млрд және 223,2 млрд теңгені құрады.

Жергілікті бюджеттер шығыны бойынша ТОП-5 өңірге Нұр-Сұлтан (176,4 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (169,8 млрд теңге) кірді.

Жергілікті бюджеттер қаражаты көбінесе білім беру саласына бөлінген: 1 трлн теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (695,2 млрд теңге) 44,8% көп.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бөлінген жергілікті бюджет шығыны 309,2 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрын 224,9 млрд теңге). Трансферттер сомасы 187,6 млрд теңгеге жетті (2019 жылдың қаңтар-мамырында 158,4 млрд теңге).

Сонымен бірге жергілікті бюджет шығындарының көп бөлігі денсаулық сақтау саласына кеткен: бір жылда 76 млрд теңгеге дейін 69,3% өскен.

Хабар 24 телеарнасы