417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Моңғолиядағы қандасымыз мемлекеттік «Лашын» атағына ие болды

  • 176
  • UPD: 10:48, 14.07.2020
Моңғолиядағы қандасымыз мемлекеттік «Лашын» атағына ие болды

Мұстафа Нұрланұлы ұлттық күрес бойынша байрақты бәсекеге қатысып, бес балуанның жауырынын жер иіскеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік деңгейдегі жарыста мың балуанға дейін күреседі. Оған қатысу үшін аймақтық және аудандық бәсекелерде топ жарып, жолдама алу керек. Мемлекеттік атақ жылына бір өтетін тарихи тойда беріледі. Соңғы үш жылда Бай-Өлкеден үш мемлекеттік балуан шықты. Мұндай азаматтарға олимпиада жүлдегері дәрежесінде құрмет көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы