418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда күшейтілген карантин режимі 2 тамызға дейін ұзартылды

  • 189
  • UPD: 10:55, 14.07.2020
Қазақстанда күшейтілген карантин режимі 2 тамызға дейін ұзартылды Liter.kz

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды.

Үкімет басшысы карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырды және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге карантинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыруды тапсырды.

«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша, эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз», – деді.

Хабар 24 телеарнасы