418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Әлі 4093 тыныс алу аппараты керек

  • 134
  • UPD: 15:22, 14.07.2020

Елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түссе, медициналық мекемелерге әлі 4 мың тыныс алу аппараты керек болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Қазір Қазақстандағы инфекциялық стационарларда 966 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сонымен қатар Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының болжамынша, алдағы уақытта 6 мың 365 жансақтау төсек орнына тағы 4 мың 093 өкпені жасанды желдету аппараты қажет. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес келесі айда 595 аппарат денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы