429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңсыз есірткі сатқан қызылордалық ұсталды

  • 203
  • UPD: 14:57, 14.07.2020
Заңсыз есірткі сатқан қызылордалық ұсталды

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сатқан облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

11 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заңсыз есірткі затын сатқан Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде бұл азаматтан марихуана есірткі заты алынды.

Күдікті ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы