427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда дәріханаларында COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектің бар-жоғы тексерілді

  • 349
  • UPD: 16:10, 14.07.2020
Елорда дәріханаларында COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектің бар-жоғы тексерілді

Соңғы екі күнде елордаға 1 млн 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанға екі жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б. Дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына жеткізіледі. Соңғы екі күнде елордаға 1 млн 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді.

Барлық дәрі-дәрмек қала дәріханаларына таратылады.

Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады. «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және т.б. ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мониторинг тобы аталған дәріханаларда дистрибьюторлар тарататын дәрілердің болуын тексерді.

«Рейдтік шара барысында тұрғындар ең көп баратын 15 ірі дәріхана желісі қамтылды. Керек дәрі-дәрмектер қажетті мөлшерде жеткізілiп жатқанымен, сұраныс өте жоғары болғандықтан, олар азаматтар арасында бірден сатылып кетіп жатқаны байқалды. Сондықтан, дәріханалардың көпшілігінде дәрі-дәрмектерді жан басына тарату шектелген. Тұрғындардың көпшілігі дәріханаға кезекте тұрғанда қауіпсіздік шараларын, әлеуметтік қашықтық сақтамауда. Келушілер санитарлық ережені қатаң сақтауы тиіс», – дейді қалалық жастар саясаты басқармасының бөлім башысы Ақұлан Тастемір.

Хабарланғандай, елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейді. Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, азаматтар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуіне болады.

Дәрі-дәрмектің бағасы күмән тудырған жағдайда dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша adilet.zan.kz тексеруге болады.

Үкімет пен елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы