429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда мен Алматыда жаңа медициналық орталықтар салынады

  • 300
  • UPD: 17:45, 14.07.2020
Елорда мен Алматыда жаңа медициналық орталықтар салынады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ішкі резервтері есебінен екі медициналық орталық салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осындай шешім қабылдағанын жеткізді. Әрі Үкімет пен әкімдер бастаманы қолдайды деген сенімін білдірді. Бұл туралы бүгін Елбасының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдауы кезінде айтылды. Кездесуде Тұңғыш Президент экономикалық дағдарыстың қорға қарасты барлық компанияға әсер еткенін атап өтті.

«Алайда ешбірі қызметкерлер санын қысқартпаған. Барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр», деді Ахметжан Есімов. Сондай-ақ отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау шараларына тоқталды. Елбасы «Самұрық-Қазына» қорының коронавирус пандемиясымен күрес процесіне білек сыбана кірісу қажеттігін айтты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жақындарынан айырылған қазақстандықтарға тағы бір мәрте көңіл айтып, қауіпті дерттен сақтанып жүруге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы