421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі медициналық орталық құрылысына қаржы бөлу тапсырылды

  • 219
  • UPD: 21:57, 14.07.2020

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры елорда мен Алматыда екі медициналық орталық салады, хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдап, ішкі резервтер есебінен осы құрылысқа қаржы бөлуді тапсырды. Кездесуде әлемдегі экономикалық дағдарыстың қорға қарасты барлық компанияға әсері талқыланды. Соған қарамастан, кәсіпорындарда айтарлықтай қысқарту болмаған. «Жұмысшылардың айлық-жалақысы да уақытылы беріліп жатыр. Әлеуметтік жауапкершілікті ескеріп, еліміздің денсаулық сақтау саласына көмек көрсетудеміз», деді Ахметжан Есімов. Елбасы «Самұрық-Қазына» қорының коронавирус пандемиясымен күрес процесіне білек сыбана кірісу қажеттігін айтты. «Жаңа медициналық орталықты салу жөніндегі бастама Президентпен келісілген. Оны Үкімет пен әкімдер де қолдайды деген сенімдемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында жақындарынан айырылған қазақстандықтарға тағы бір мәрте көңіл айтып, қауіпті дерттен барынша сақтанып жүруге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Қордың компанияларында Қазақстанның 40% активі бар. Қордың жағдайы қазір оңай емес. Оған қарамай, біз әрбір тоқсан сайын тыңдап отырмыз. Істеген жұмыстың арқасында көп ақша үнемделіп, мемлекетке де ақша салып отыр. Басқа да резервті жасап отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда баяндап беріңізші маған.

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша және биылғы жағдайға байланысты қабылданған шаралардың арқасында қордың қазіргі жағдайы тұрақты деп айтуға болады. Әрине, әсері бар. Кеміген өндірістер бар. Бірақ жалпы алғанда қорда істейтін жұмысшылардың саны 300 мың адам. Айтарлықтай қысқару болған жоқ. Мекемелер жұмысын атқарып жатыр. Еңбекақысын уақытында алып жатыр. Сонымен қатар біз әлеуметтік жауапкершілікті дұрыс түсінеміз. Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, біраз шаралар атқарайық деп отырмыз. Оның ішінде 6 млн бетперде тапсырылды. 100 жедел жәрдем көлігі, ішінде ИВЛ аппаратымен бірге осы жетіден бастап түсе бастайды. 500 оттегі концентраторын аламыз. Сонымен қатар тағы қажетті дәрі-дәрмек алсақ деген келісімшартқа Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойып отырмыз. Ендігі өткендегі жиындағы сіздің тапсырмаңыз бойынша ұлттық қорға 50 млрд ақша аударылды. Қалған 50 млрд ақша жылдың аяғына дейін түседі. Сонымен қатар Үкіметке 120 млрд дивидент төленеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Дұрыс қанша қиын болса да, соны жасау керек. Пандемия продалжает свое распространение по всему миру. На сегодня больше 13 млн зараженных. Правда многие выздоровели. Но и летальных исходов много. У нас не хватает лекарств и мед работников. Поэтому наш Президент высказал как выходить из этой ситуации. Я поддерживаю. Вчера было День памяти. Вся страна переживает. Я к этим присоединяюсь. Как известно, сам пережил этот вирус. И хочу сказать казахстанцам, дисциплина должна быть жесткая. Только выполнения всех поручении может нас спасти. Если посмотреть аналитику, даже после выздоровления нужно огромное время чтобы восстановить силу. Я хочу обратиться всем, чтобы серьезно отнеслись своему здоровью. Со стороны Президента, Правительства все меры принимаются. Не смотря на это, я поручаю выделить средства чтобы строить две больницы в крупных мегаполисах в Алматы и Нур-Султане. Эти медицинские центры будут предназначены для консолидации научно-исследовательского потенциала. Это позволит обезопасить будущие поколение казахстанцев от возможных угроз. мы не знаем еще какая инфекция придет. Уверен, что Правительство и акимы поддержат данную инициативу. С Президентом страны мы советовались. Поэтому поручаю немедленно приступить, подобрать проект.

Хабар 24 телеарнасы