418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында науқастарға дәрігерлік кеңес онлайн беріле бастады

  • 149
  • UPD: 20:44, 14.07.2020
Қарағанды облысында науқастарға дәрігерлік кеңес онлайн беріле бастады

Қарағанды облысының дәрігерлері науқастар сауалына онлайн режимде жауап бере бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін Instagram платформасы арқылы дәрігерлер «тікелей эфир» функциясын пайдаланып байланысқа шығады. Себебі ақ халаттылар ғаламтор беттерін ақтарып, өзін өзі емдейтіндердің көбейгеніне алаңдаулы. «Оның үстіне аса күшті дәрілерді бей-берекет пайдаланудың соңы аса үлкен қауіпке әкеп соғуы мүмкін», - дейді олар. Ал, бұл қызмет пациенттер мен дәрігерлердің қашықтан жұмыс істеп, қарым-қатынасты үзбеуіне мүмкіндік береді. Мамандар бұл қазіргі ахуалға байланысты мәжбүрлі түрде барып отырған қадам екенін жасырмайды. Десе де, бұл қызмет өз пайдасын бере бастаған. Бүгінгі күні тікелей эфирді облыстың 46 емханасы жүргізіп отыр. Алдағы уақытта өңірдегі барлық емхана онлайн кеңес беруге көшпек.

Светлана Ветт, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы басшысының орынбасары:

- Қазір дәрігерлер де ауырып, кадр тапшылығы болғаны жасырын емес. Ал, тұрғындарға үздіксіз кеңеспен қатар қызмет көрсету керек. Кейбір науқастардың қазір ауруханаға келмей-ақ қойғаны абзал. Сондықтан осындай қызметті жүргізіп отырмыз. Өз тиімділігін көрсетсе, жалғасын табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы