428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өкпесі 96% қабынған әйел сауығып шықты

  • 264
  • UPD: 21:07, 14.07.2020
Алматыда өкпесі 96% қабынған әйел сауығып шықты

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны әлі азаймай тұр, хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, бұл дерттен құлан таза айығып жатқандар да бар. Алматыдағы орталық клиникалық ауруханаға екі өкпесі бірдей қабынып, ауыр жағдайда түскен 56 жастағы әйел жазылып шықты. Науқастың денсаулығын тексеру барысында мамандар оның өкпесінің 96%-і қабынғанын анықтап, бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызған. Дәрігерлер 10 күн бойы оның өмірі үшін күресіп, барлық медициналық көмекті көрсетті. Науқастың беті бері қараған соң мамандандырылған бөлімшеде ем-домын жалғастырды. Қазір әйелдің жағдайы жақсы. Сырқатынан толықтай сауығып, үйіне оралды. Дегенмен, әлі де дәрігерлердің бақылауында болады.

Берікжан Баймұхамбетов, анестезиолог, реаниматолог:

- Келіп түскен кезден науқас ағзасының өттегімен қанығуы 36%. Науқас бірден инвазивсіз өкпені желдету аппаратына қосылды. 3-4 сағат өткеннен кейін науқастың жалпы жағдайы динамикада жақсаруы мен тыныс жеткіліксіздігі және ентігу динамикада азаюымен, науқас жансақтау бөлімінде антибактериалды, антикоагулянтты, гормоналды оттегі және симптоматикалық ем қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы