426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ Қазақстанға бір топ сарапшы жібереді

  • 424
  • UPD: 21:47, 14.07.2020
ДДСҰ Қазақстанға бір топ сарапшы жібереді tengrinews.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкпе қабынуына шалдыққан науқастар санының артуына байланысты Қазақстанға сарапшылар жібереді, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы халықаралық ұйымның еліміздегі басшысы Кэролайн Кларинваль мәлімдеді. Сондай-ақ мамандар жергілікті зертханалардың мүмкіндігін тексеріп, оған баға бермек. Оның айтуынша, елдегі пневмония дерегінің көбеюі COVID-19 пандемиясына тікелей байланысты. Кларинваль Денсаулық сақтау министрлігінің алдын алу шараларына қарамастан, елімізде қызметкерлер тапшылығы сезілгенін айтады. Өйткені медициналық мамандар және індетпен күресте алдыңғы шепте жүргендердің өзі вирусты жұқтырып алып жатыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтардың әрекетіне алаңдаулы. Себебі халық шектеу шаралары жеңілдетілген соң әлеуметтік қашықтық сақтамаған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсыныстарын орындамаған. «Сондықтан да елде коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артқан», - дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы