418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында шағын және орта бизнес нысандарының саны азайған

  • 135
  • UPD: 22:50, 14.07.2020

Олардың үлесі бір жыл ішінде екі мыңға кеміген, хабарлайды «Хабар 24».

Ал, өз ісін жалғастырып келген кәсіпкерлерге мүмкіндігінше қолдау жасалып жатыр. Дегенмен, қолданылған әдістер тиімсіз. «Одан да әрекет етудің баламалы құралдарын игеруге талпыныс қажет», - деп есептейді сарапшы.

Бұл дәмхана карантин уақытында жабылудың алдында тұрды. Ас-тағамды тапсырыспен жеткізу арқылы қызметін жалғастыра беруге болар еді. Алайда, Қарабалық ауылы тұрғындарынан сұраныс болмаған. Осылайша дәмхана мұндай қызмет түрін көрсетпеді. Бәсекелестері де дәл осындай жағдайға тап болған.

Вера Гутмахер, кәсіпкер:

- Өз бизнесімді мемлекеттің көмегімен құтқарып қалдым. Уақытша қамау изоляторындағыларды, блок-бекеттердегі қызметкерлерді тамақтандыру тапсырысына ие болдым. Оның сыртында 42 мың 500 теңге көмекқаржының да септігі тиді. Соның есебінен жарық ақысын төледім. Әйтпесе, қиын болар еді.

Қостанай облысында 53 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысаны бар. Статистердің айтуынша, бір жылда олардың үлесі шамамен 4%-rt кеміген. Бұл екі мыңнан аса кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты деген сөз. Ойын-сауық индустриясы, туризм, спорт, сауда саласы тығырыққа тірелді. Қызметін жалғастырып жатқан аймақ кәсіпкерлері қолдаусыз қалмады. Салықтары кейінге шегеріліп, мөлшерлемесі төмендетілді.

Зарина Бекмұхамедова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Жыл соңына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды. Атап айтсақ, ірі сауда орталықтары, кинозалдар, театрлар, сауықтыру кешендері. Коронавирус пандемиясы кезеңінде олардың жұмысы тоқтап тұрды.

«Салықтың күшін түгелдей жою керек» деген пікірге саяды маманның ойы. Бірінші кезекте қатаң карантинді өткерген салаларға осындай жеңілдіктер жасалуы тиіс. Елімізде несиелері бар кәсіпкерлер жетерлік. «Олардың проценттері алынып, негізгі қарыздары жағдай тұрақталғанша сол деңгейде қалғаны жөн», дейді сарапшы. Ал стартап жобалар тіпті 0%-пен несиелендірген дұрыс. Өз бизнесін басқа салаға бейімдегендерді де көмексіз қалдырмаған абзал.

Андрей Коваль, экономика ғылымының кандидаты:

- Басқа да жолдарды қарастыру керек. Мысалы, бос тұрған ғимараттарды қолданысқа жаратып, одан пайда табу керек дегендей. Кәсіпкерлерді артық төлемдерден босату маңызды. Өйткені қазір оның тұрақты табысы жоқ қой. Есесіне, қарызы да ұлғайып келеді. Банктер несиелерді кешірген жоқ, төлеу мерзімін кейінге шегерді.

«Кәсіпорындардың едәуір бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік бар», дейді сарапшы. Бұл ретте тауарларды тапсырыспен жеткізіп, онлайн қызметтер ашудың септігі мол.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы