417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түлкібас ауданында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді

  • 198
  • UPD: 23:00, 14.07.2020
Түлкібас ауданында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысы Түлкібас ауданында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді, хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана аудан орталығының өзінде күніне 10 мың шаршы метрді құрайтын аумақ арнайы ерітіндімен зарарсыздандырылып жатыр. Әсіресе, халық көп шоғырланатын саябақ, аялдама және көп қабатты үйлердің аулалары басты назарда. Эпидемиологиялық қызмет мамандары балалардың ойын алаңдары мен жаяу жүргіншілер жолы және көше орындықтарының дезинфекциялануын ұдайы қадағалап отырады.

Мадияр Мырзатаев, аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Зарарсыздандыру жұмыстары тәулігіне екі рет жүргізіледі. Дезинфекция жұмыстарына аудан аумағында екі мекеме тартылған. Екі мекеме өзінің тұрақты орындары бар. Күнделікті екі жаққа бөлініп, екіжақты жұмыстар атқарылады.

Хабар 24 телеарнасы