424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы демалыс орындарында санитарлық талаптар сақталмаған

  • 215
  • UPD: 00:06, 15.07.2020
Ақмола облысындағы демалыс орындарында санитарлық талаптар сақталмаған

Ақмола облысында санитарлық дәрігерлер демалыс орындарын тексерді, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Бурабай және Зеренді курортты аймақтарындағы 50 шақты туристік нысан қамтылды. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, олардың 80%-інде карантин ережелері сақталмаған. Мамандар онда алдымен ғимараттарда қорғаныш құралдарының болуын және асханаларда арақашықтықтың сақталуын назарға алды.

«Барлық нысанда антисептиктің болғаны болмаса, маска тағып, арақашықтық сақтап жүрген ешкім жоқ», - дейді эпидемиологтар. Әсіресе, жағажайдағы жағдай өте қиын. Су жағалаған кісінің көптігі соншалық, ине шаншар жер жоқ. Тексерушілер демалушыларға да, кәсіп иелеріне де әзірге тек ескерту жасаумен шектеліпті. Ал, келесі жолы жауапкершілікке тартылмақ.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Келер аптадан бастап біз шара қолдануға көшеміз. Санитарлық талаптарды сақтамаған демалушыларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал, кәсіпкерлік нысандары 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Мониторингті қажет болса, күнде жүргіземіз. Себебі, бұл, халық денсаулығы үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы