426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстан облысының аумағын қоқыс басып қалды

  • 210
  • UPD: 09:18, 15.07.2020

Шығыс Қазақстан облысын күл-қоқыс жайлап барады. Жергілікті экологтар осылай деп дабыл қағып отыр. Сарапшылар тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатын жерлердің барлығын аралап шыққан екен. Айтуларынша, 430 қоқыс үйілген жердің тек 30-ға жуығында санитарлық талаптар сақталған.

Лесхоз кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны. Қазір бұл қоқыс көлемі күн санап өсіп,тіпті маңайындағы елді мекендерге де жайыла бастаған. Тұрғындар бұл мәселенің шешімін күте-күте әбден қажыған. 

Өскеменнің бастықтарының бәрі қайда қарап отыр,мынадай жерді свалканың бәрін көбейтіп уже өсіріп жатыр,шыдамдылық жоқ уже мынаған мысал айтсаңыз,ана жақта үйлер тұр міне бәленбай үй 200-500 үйдей тұр,соның бәрі осымен демалады.Үйінен шықса есік алдына балалар қарасма мына жақта свалка мусор қоқыстың бәрі шығады.Мына жақтың лесопосадканың бәріне пакеттер ұшып жатыр, тоғай орманды қарасаңыздар бәрі шіріп жатыр қайда қарап отырсыздар енді.  

Аумақта 6 мың тоннадан астам қоқыс жатыр. Экологтарды оның көлемі емес, сақталу тәртібі алаңдатады. Тұрғын үйлерден таяқ тастам жерде.Қалалық полигон деп ресми аталғаны  болмаса, санитарлық талаптан жұрдай. 

Дәулет Асанов, эколог:

- Зиянды заттар жиналып қалдық орындарында ақырындап жер асты суына өте береді,оны қорғау үшін арнайы экрандар болуы керек бұл эекрандар бұл жерде жоқ одан соң санитарлық қорғау аймағы сақталу керек 1 мың метр минималды қашықтық. 

Енді елестете беріңіз. Аймақта осындай қоқыс үйілетін 430 орын болса тек соның отызында ғана технологиялық көрсеткіш сақталған.Оған шалғай аудандарда рұқсат етілмеген жерге төгілген 500 қоқыс алаңын тағы қосыңыз. Ал облыста осы таудай үйілген қалдықтардың тек 4 проценті ғана өңделеді екен.

Өскеменнен алты есе аз халық тұратын Риддер қаласында облыстағы алғашқы тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт ашылғалы жатыр. Жергілікті кәсіпкерлер белсенділік танытып, жобаға 300 миллион теңге жұмсапты. Шағын қаланың шамасы жеткен шаруаға облыс орталығы кірісе алмай-ақ қойды. Сарапшылардың айтуынша, өскемендік кәсіпкерлер сұрыптау желісін сатып алуға жеңілдіктер қарастырылса, бұл іске кірісуге ниетті екен. Қала басшылығы да ірі инвесторларға қуанамыз деп отыр.Жоба құны 1 миллиард 700 миллион теңге.Қаражаттың жартысы қала қазынасынан бөлінбек. Сөйтіп, полигонды қалыпқа келтіруді қолға аламыз дейді. 

Нұржан Жапбаров, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Осы жерден қырық мың тонна қалдық алып жерді құнарландырамыз, ал қалдықты өңдейміз деп жоспарлаудамыз.Осы полигоннның қолдану уақытын да ұзартпақшымыз. 

Әкімдік өкілдері Өскеменде қалдықтарды сұрыптайтын желі жүйесін жыл соңына дейін жөндемек. Өндіріс кешені үшін қала шетінен 4 гектар жер де бөлмек. Алайда әзірге бұның бәрі тек жоспар күйінде қалып отыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Вячеслав Ветлугин

Хабар 24 телеарнасы