418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тұрғындардың терезеден құлауы жиіледі

  • 136
  • UPD: 09:19, 15.07.2020
Ақтөбеде тұрғындардың терезеден құлауы жиіледі

Бір тәулік ішінде екі ақтөбелік тұрғын жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен құлап, мерт болды. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ас бөлмесінен 73 жастағы зейнеткер құлап кеткен.

Құтқарушылар мен жедел жәрдемнің дереу жеткеніне қарамастан қария көз жұмған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Тағы бір қайғылы дерек Хромтау қаласында тіркелді. Анасы бір жарым жастағы кенжесін 11 жасар үлкен ұлымен үйінде қалдырып, өзі ортаншы баласымен дүкенге шығып кеткен. Ересектердің қарауынсыз қалған бөбек 4-қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлап кетті. 

Марғұлан Аманбаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Біздің қызметкерлер барған кезде бір жарым жастағы баланы өзінің ата-анасы ауруханаға жеткізген. Ол бала кешкі 20 сағат уақытта көз жұмды. Баланың жаңағы терезеден құлауы ата-ананың қараусыздығынан деп отырмыз. Өйткені қазіргі таңда ақтөбе облысы бойынша үш сондай оқиға тіркелді. Оның екеуі жас балалар.

Хабар 24 телеарнасы