417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Текелі қаласына санитарлық бекет қойылды

  • 149
  • UPD: 10:39, 15.07.2020

Алматы облысының Текелі қаласына санитарлық бекет қойылды. Кенді шаһарда карантиндік талаптардың күшейтілуіне не себеп болды екен? 

Шыңғыс Қалиден, тілші:  

- Шағын шаһарда карантиндік шектеулердің күшейтілуіне санитарлық талаптардың сақталмауы себеп болған. Нақтырақ айтқанда короновирус пен өкпе қабынуына шалдыққандарды емдеген дәрігерлер оқшаулау орнына емес, өз үйлеріне барып тыныққан кездері болыпты. Әрі қалалық ауруханада бірқатар кемшіліктің орын алғаны анықталған. Осыған орай қалаға кіретін күре жолда тексеріс бекеті жұмыс істей бастады. Ондағы мамандар қазірдің өзінде шахар аумағына кіріп шыққан әрбір көлікті залалсыздандыруда. Жолаушылар мен жүргізушілердің тіркелген мекен жайын анықтап, дене қызуын өлшеп жатыр. Егер ыстығы көтерілгендер болса, оны бірден провизорлық орталыққа жібереді. Індет жұқтырғандарды емдейтін мекемеде 120 дан аса науқас емделіп жатыр.

«Аталған жағдайға байланысты қалада бірқатар кешенді шаралар қолға алынды» деді бізге жаңа ғана сұқбат берген қала әкімі. 

 Шыңғыс Қалиден, тілші: 

- Карантиндік режим Текеліде ғана емес енді облыс бойынша да күшейтіледі.  Шілденің 18 мен 19-ында, яғни алдағы сенбі жексенбіде екі күндік қатаң шектеу енгізілмек. Жалпы аймақтағы жағдайға тоқталса,  өңірде 3200-ден аса адамннан ковид белгілері анықталған. Олардың 1500-ден астамы емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы