418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада вируске қарсы Қытай дәрілерін сатқандар ұсталды

  • 127
  • UPD: 13:54, 15.07.2020
Елордада вируске қарсы Қытай дәрілерін сатқандар ұсталды

Елордада заңсыз дәрі сатқандар ұсталды. Полиция қызметкерлері дәріханаларда қат болып жатқан препараттарды жасырын саудалап келген 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Тексеру кезінде әлгі адамнан «Парацетамол», «Ингавирин», «Дексаметазон», «Цефтриаксон», «Лидокаин», «Сумамед» сынды антивирустық дәрілер табылған. Одан бөлек тәртіп сақышлары белгісіз қытайлық препараттарды тұрғындарға ұсынып жүрген күдіктіні ұстады. Ол бұл дәрілерді ғаламтор арқылы тапсырыспен алдырған екен. Бірақ ел аумағында саудалауға ешқандай рұқсаты жоқ. Тағы бір тұрғыннан 6 жарым мың маска табылды. Полиция қызметкерлері осыған дейін 33 дерек анықтаған. Тәркіленген заттардың жалпы құны 17 млн теңгеге жуықтайды. Қазір күдіктілер тергеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы