426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жыл басынан бері пойыздармен 137 млн тонна жүк тасымалданды

  • 238
  • UPD: 12:14, 15.07.2020
Елімізде жыл басынан бері пойыздармен 137 млн тонна жүк тасымалданды The Qazaq Times

Биылғы бірінші жарты жылдықта елімізде теміржол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін байқалады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 134 млн тонна болса, биыл алғашқы 6 айда 137 млн тоннаға жетіп, 2,2% өсім болды. Бұған экономикалық өсімі қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақытылы қабылданған шаралар ықпал етті.

Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.

Бұдан басқа, төтенше жағдайда және амалсыз бос тұрған кезеңде жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдау бойынша іс жүзіндегі шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қоры бөлігінде шаралар қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы