414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рұқсат құжаттарын алған дәрі-дәрмектің ешқайсысы қоймаларда тұрған жоқ – СІМ

  • 333
  • UPD: 12:56, 15.07.2020
Рұқсат құжаттарын алған дәрі-дәрмектің ешқайсысы қоймаларда тұрған жоқ – СІМ

Қазақстанға гуманитарлық көмек түрінде келген дәрі-дәрмектер бірден тиісті мекемелерге таратылған.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Гуманитарлық көмек ретінде біз 7 тараптан дәрі-дәрмек алдық. Олар: Үндістан, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Түркия және Жапония. Тиісті рұқсат құжаттарын алған дәрі-дәрмектің ешқайсысы қоймаларда тұрған жоқ. Олар бірден тиісті мекемелерге таратылған болатын», - деді.

Қатардан келген гуманитарлық көмекте ешқандай дәрі-дәрмек болмағанын айтып өтті.

«Келген дәрілердің бәрі де тікелей бірден ортақ дистербютер арқылы медициналық мекемелерге жеткізіліп тұрады», - деді Е.Ашықбаев.

Хабар 24 телеарнасы