Қазақстанға әлемнің 15-тен астам елі гуманитарлық жүк жіберді. Бұл туралы «Хабар 24» арнасынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді.
Айтуынша, елімізге дәрі-дәрмек пен медициналық қорғаныс құралдарын жөнелткендердің арасында Қытай, АҚШ, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан сияқты мемлекеттер бар. Жалпы елге көмек ретінде 5 миллионннан астам медициналық маска, 98 өкпені жасанды желдету аппараты, 260 мың тест жүйесі және 3 мыңға жуық термометр жеткізілген.