418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Текелі қаласына санитарлық бекет қойылды

  • 253
  • UPD: 17:36, 15.07.2020
Алматы облысындағы Текелі қаласына санитарлық бекет қойылды

Ондағы мамандар шаһар аумағына кіріп-шыққан әрбір көлікті залалсыздандырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылар мен жүргізушілердің тіркелген мекен жайын анықтап, дене қызуын өлшеп жатыр. Егер ыстығы көтерілгендер болса, бірден провизорлық орталыққа жібереді. Қазір онда 120-дан аса індет жұқтырған науқас емделіп жатыр. Сақтық шаралары Текеліде ғана емес, алдағы сенбі мен жексенбіде облыс аумағында да қатаңдатылады. Демалыс күндеріне дейін қала аумағында да жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.  

Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі:

– 10 күнге дейін осы жұмыстарды жасаймыз. Қалада барлық көше, аулаларды залалсыздандырып жатырмыз. Қазіргі таңда 17 дезинфектор жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы