431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік мамандар мен қостанайлық дәрігерлер коронавируспен жұмыла күреспек

  • 270
  • UPD: 10:37, 18.07.2020

Бұл процесс қашықтан жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша жиырмаға жуық дәріс өтеді. Осы аптада Челябі облысының медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасу басталды. Сонымен бірге Свердлов өңірінің әріптестері де онлайн дәріске атсалысады.

Бұдан былай қостанайлық ауруханаларда ресейлік мамандардың тәжірибесі енгізіледі. Коронавирус инфекциясымен күресте өз білімдерімен Челябі және Свердлов аймақтарының дәрігерлері бөліседі. 

Вячеслав Дудник, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қостанай облысының әкімі денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби қолдау өтінішімен Челябі және Свердлов өңірінің губернаторларына хабарласты. Осы ретте көрші екі облыс министрлігі және Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісіміміз бар.

Жалпы алғанда 20 дәріс өткізу жоспарланған. Ресейлік дәрігерлер COVID-19 инфекциясының эпидемологиялық ахуалы, санитарлық режимдегі стационардың жұмысы жайында мол мағлұмат береді. Қауіпті індеттің профилактикасына да бөлек тоқталады. 

Евгений Ванин, Челябі облысы денсаулық сақтау министрінің орынбасары /Ресей/

– Біз сіздермен күнделікті кездесеміз. Дәріс Қостанай уақытымен таңғы 10-да басталады. Алдағы уақытта амбулаториялық және госпитальдік деңгейде тиісті шара қолданудың қыр-сырын меңгеріп шығасыздар.

Қашықтан дәріс өткізумен қатар, Қостанай облысының дәрігерлеріне практикалық көмек беріледі.

Ерболат Доспанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Жоспар бойынша осындай телекөпір облыс бойынша екі апта жүргізіледі. Осы Ресей Федерациясының медиңина қызметкерлерінің тәжірибелерін өзіміздің облысымызда қолданамыз.   

Тәжірибе алмасу барысында ресейлік мамандар тек кеңес берумен шектелмей, науқастарды емдеуге телекөпір арқылы атсалысады.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы