423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат сайлауы: Маңғыстау облысынан үш адам депутаттыққа үміткер

  • 693
  • UPD: 23:35, 15.07.2020
Сенат сайлауы: Маңғыстау облысынан үш адам депутаттыққа үміткер

12 тамызда өтетін Парламент Сенаты сайлауына Маңғыстау облысынан түсуге бір әйел мен төрт ер адам өтініш білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төртеуі бизнес-орта өкілі болса, біреуі мемлекеттік мекемеде қызмет атқарады. Бұл азаматтардың барлығы да жоғары білімді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлімдеді. Оның айтуынша, үміткерлердің құжаттарын тексеруден соң тек үшеуіне депутаттыққа кандидат ретінде тіркелуге мүмкіндік берілген.

Асқар Рзаханов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Таңдаушылар біздің облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары болып есептеледі. Олардың барлығының аты-жөні кестеге сәйкес кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы