423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының дәріханаларына дәрі-дәрмек жеткізілді

  • 296
  • UPD: 13:28, 16.07.2020

«Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің мұрындық болуымен медициналық препараттарға «тегін» деген белгі қойылады, хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, өнім нарыққа шығып кетпейді. Яғни, сатылымға шығуына жол берілмейді. Жуырда өңірге Катардан гуманитарлық жүк келіп жетті. Алдағы уақытта Қытай мен Ресейден де дәрі тасымалданады.

Ведомствоаралық мониторингтік топ дәріханалық желідегі жағдайды күн сайын бақылайды. Бүгін 25 дәріхана тексерілді.

Алма Қозбаева, облыс бойынша қоғамдық бақылау координаторы:

- Өкінішке қарай, қажет препараттарды таппай отырмыз. Бүгінде халыққа парацетамол, антибиотиктер ауадай қажет. Біз өз тарапымыздан сапалы тексеріс жүргізіп, жағдайды ашық көрсеткіміз келеді.

Мониторингтік бақылау тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаментінің мұрындық болуымен жүргізілуде. Қазіргі уақытта бұл тұрғыда анықталған бұзушылықтар бойынша оннан астам дерек тергеліп жатыр. Төрт факті бойынша әкімшілік өндірістер қозғалды. Тексерістер жүргізілгенмен, дәрілерді қымбатқа сату фактілері азаймай тұр. Жағдайды тұрақтандыру үшін дәріханаларға тапшы препараттар жеткізілді.

Мыржанай Жақашева, Тауарлар мен қызметтер сапасын бд фармацевтикалық инспектораттың жетекшісі:

- Дәрі-дәрмекті халыққа дәрігердің тағайындауымен ғана сату керек. Сонымен қатар рецепт болмаса, бір адамға бір қаптамадан беру қажет. Мәселен, аспирин, парацетамол.

Гуманитарлық көмек түрінде түскен дәрілік құралдарды стационарлар мен ауруханаларға жеткізуде жіті бақыланбақ. Мәселен, дәрілер мен медициналық перапараттардың қаптамаларына осындай белгі қойылады. Басты мақсат – заңбұзушылықтарға жол бермеу.

Ардақ Балғожин, облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл тиімді жолдардың бірі. Тұрғындар дәрі-дәрмектердің гуманитарлық көмек ретінде жеткізілгенін көреді. «Тегін» деген белгісі бар дәрілер сатылымға шығып жатса, азаматтарға бұл жөнінде бізге хабарлауды сұраймыз. Кейін тиісті шара қолданамыз.

Аймаққа «СК-Фармация» желісі бойынша сұранысқа ие дәрілік препараттар әкелінді. Қазіргі уақытта провизорлық стационарлар мен бөлімдерге үлестіріліп жатыр.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы