Кеше мемлекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген еді, хабарлайды «Хабар 24».
Ал, сол медициналық препараттардың 3 тоннасы әуе қатынасы арқылы Атырауға шұғыл әкелінді. Қазіргі кезде тапшы болып тұрған дәрі-дәрмектің 15 түрі бүгін дәріханалар желісіне таратылады. Сонымен қатар жұма күні дәрі-дәрмектің тағы бір партиясы жүк көлігімен келуі керек. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса бермек.
Ержан Әбілханов, облыс әкімінің орынбасары:
- Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді.