421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда Катардан келген гуманитарлық жүктің тиісті жеріне жетуі бақылауда болады

  • 208
  • UPD: 09:50, 16.07.2020

Көкше өңіріне Катардан жеткен гуманитарлық көмектің дұрыс таратылуы бақылауда ұсталады, хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесе қоймаға түскен жүкті санап алды. Ұшақпен жеткен жеке қорғаныш құралдары құжатта 19114 дана деп көрсетілген. Санау кезінде тауарлар саны дұрыс болып шықты. Енді олар жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріне таратылады. Құзырлы орган қызметкерлері бұл жұмыстарды да қадағалап отырады.

Арман Бердалин, ҚР СЖҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары:

- Катар мемлекетінен келген гуманитарлық көмекті қарап, осы қоймада қанша қалғанын, оның қазір қай мекемелерге бөлінетінін және тиісті діттеген жеріне «тістегеннің аузында, ұстағанның уысында кетпей» жетуін біз қадағалайтын боламыз. Бұдан кейін де Қытай мен Ресей мемлекетінен келгелі жатқан осындай гуманитарлық көмектерді біз бақылауға алатын боламыз.

Самира Тайтенова, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Біздің өңірге келіп жеткен гуманитарлық көмек негізінен жеке қорғаныш құралдарынан тұрады. Бақылаушы топ құрамында болған соң біздерге оларды санау жұмыстары жүктелді. Таяу күндері шетелден тағы да көмек келеді деп күтілуде. Сәйкесінше, осы тектес бақылау шаралары да жалғаса береді.

Хабар 24 телеарнасы