420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада дезинфекция жұмыстары қайта жанданды

  • 247
  • UPD: 09:26, 16.07.2020
Қызылордада дезинфекция жұмыстары қайта жанданды

Карантин режимінің қатаңдауына байланысты Қызылордада дезинфекция жұмыстары қайта жанданды, хабарлайды «Хабар 24».

Бекітілген кестеге сай әскери бөлім сарбаздары мен «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. 8 техника мен 81 адам облыс орталығының шет аймақтарын дезинфекциялаудан өткізіп жатыр. Бұған дейін көп қабатты үйлердің аулалары, ойын алаңдары, аялдамалар, дүкендер мен сауда орындары – жалпы 6,5 миллион шаршы метр аумақ зарарсыздандырылған болатын. Халық нөпірі көп жерлердегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қала аумағында 10 шақты дезинфекциялық тоннель орнатылды. Вирус ошағы анықталған жерлерге қайта-қайта санитарлық тазалау шаралары жүргізіліп жатыр.

Асқарбек Есжанов, қала әкімінің орынбасары:

- Қаланың шет аймақтары Титов, Гагарин қыстағы, сонымен қатар Сәулет, Саяхат мөлтек аудандары арнайы зарарсыздандырудан өткізіледі. Бүгін 17 көше зарарсыздандырылудан өтсе, алдағы 10 күн ішінде шет аймақтардағы 150 көше толық зарарсыздандырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы