418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада биыл 150 ескі аула абаттандырылады

  • 120
  • UPD: 12:46, 16.07.2020

Елордадағы абаттандыру жұмыстары жайында жиі айтылса да, Нұр-Сұлтан қаласында жөндеу көрмеген тіпті ескі аулалар әлі бар, хабарлайды «Хабар 24».

Балалар ойнайтын шағын алаңқайлардың кейбіреуін енді қолға алып жатыр.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Ел астанасын араласаң айтар проблема жетерлік. Соның бірі – ескі үй аулалары. Балалар ойнайтын алаңқайдың көңілге кірбің түсіретіні рас. Ескі әткеншек, тат басқан сырғанайтын төбешіктер тұрғындардың наразылығын тудырады. Дегенмен, әкімдік биыл айтарлықтар біраз аулада жұмыс істелініп жатқанын алға тартады.

Жанна Шыншалина, тұрғын:

- Балалар ойнайтын алаңның жағдайы өте нашар. КСК-ға да, әкімдікке де шағымдандық. Ешқандай нәтиже жоқ. Балалар үшін қорқамыз.

Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік, яғни, саябақтар мен скверлер абаттандырылады. Аулалардың көбі Байқоңырда – 50 , Сарыарқа ауданында – 40, Алматы – 33, Есіл ауданында 20-сы жөндеу көреді деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта елордада 1560 аула бар, оның 70%-і абаттандырылған.

Елнар Базыкен, қалалық урбанистика орталығының басшысы:

- Биыл ең көп үй ауласындағы балалар алаңын жөндейміз. Басқа жылдармен салыстырғанда, бұл өте үлкен көрсеткіш. Бірақ келесі жылы бұл жұмыс мөлшері азаюы мүмкін. Ал, әзірге нақты санын айта алмаймын.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Биыл елордада 150 үй ауласындағы балалар ойнайтын алаңды жөндеу көзделген. Қала ішінде бірнеше ауланы аралап, жұмыстың жүргізіліп жатқанына көз жеткіздік. Дегенмен, ескі ойын алаңдары бар үйлер әлі де көп. Алдағы уақытта әкімдік олардың да мәселесін шешіп берер деп үміттенеміз.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы