424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ақпараттардың шын-жалғанын анықтайтын сайт іске қосылды

  • 394
  • UPD: 11:08, 14.08.2020
Елімізде ақпараттардың шын-жалғанын анықтайтын сайт іске қосылды Disinfo Portal

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсын іске қосты.

Бұл сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату және т.б. екендігін жариялайды.

StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды.

Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалыққа бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы