420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған 306 науқас ауыр халде жатыр

  • 378
  • UPD: 11:35, 16.07.2020
Коронавирус жұқтырған 306 науқас ауыр халде жатыр

Қазіргі уақытта 306 науқастың жағдайы ауыр.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ брифингінде айтты.

«Ауыр жағдайда 265, өте ауыр жағдайда 41 науқас жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына 67 адам қосылған. Инвозивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 133 науқас, өз бетімен дем алатын оксигенотерапия алып жатқан 106 науқас бар. Ал 9265 адам өз бетімен тыныс алып жатыр», - деді.

Хабар 24 телеарнасы