432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңгесінің атынан онлайн несие алған түркістандық қыз ұсталды

  • 461
  • UPD: 12:27, 16.07.2020
Жеңгесінің атынан онлайн несие алған түркістандық қыз ұсталды

Түркістан облысының полицейлері туысының атынан онлайн несие алған қызды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс адам оның атынан 60 000 теңге онлайн несие алған. Екі жылда оның қарызы 300 000 теңгеден асып кеткен.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің туыс қайын сіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші 2018 жылдың шілде айында қайын сіңлісінен онлайн-несие алуға өтініш тастап беруін сұраған. Қайын сіңлісінде жымысқы ой пайда болып, ол жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, мақұлдауды алғаннан кейін ақшаның бір бөлігін иемденгені белгілі болды.

Күдікті міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке құжаттарды, құпия сандарды ешкімге бермеу керектігін ескертеді. Егер интернет-алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, 102 телефон нөміріне хабарласу керек.

Хабар 24 телеарнасы