424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде дәрі-дәрмекке сұраныс 50 есе артты

  • 568
  • UPD: 14:11, 16.07.2020

Мұндай мәліметті фармацевтикалық компания өкілі айтты, хабарлайды «Хабар 24».

Дәріханаларға күнделікті 7-8 жүк көлігімен медициналық препараттар жөнелтіледі. Ал, қоғамдық бақылау тобы оның діттеген жерге жетуін қадағалайды.

Аслан Қаженов, тілші:

- Бұл – Алматыдағы негізгі қоймалардың бірі. Мұнда 9 мыңнан аса дәрінің түрі бар. Фармацевтикалық компания қаладағы 800-ге жуық дәріханадан тапсырыс қабылдайды. Бөлім директорының айтуынша, соңғы уақытта сұраныс еселеп артқан. Соған сәйкес, жұмыс кестесі де өзгерді. Қазір түнгі 00:00-ге дейін дәрілер жөнелтіледі.

Саида Ерденбекова, Фармацевтикалық компанияның бөлім директоры:

- Соңғы уақытта Алматы қалалық әкімдігі мен Денсаулық сақтау министірлігі қол ұшын беріп жатыр. Ол дәрілерді сертификаттау мерзімі қысқарды. Сонымен қатар салықтық комиссия тарапынан шот-фактураны қарау уақыты да жылдамдатылды. Ал, әкімдік бізге жұмыс күші ретінде еріктілерді жіберуге дайын екенін айтып отыр.

Қоймада дәрі-дәрмек бар. Оның қалай саудаланып жатқанын арнайы қоғамдық бақылау тобы бақылайды. Олар еліміздегі дәріханаларға қадағалау жүргізеді.

Саида Тәуекелева, Қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі:

- Біз үш бағытта жұмыс істейміз. Ол дәріханалардағы сұранысқа ие медициналық препараттардың бар-жоғын және оның нарықтағы бағасын қадағалаймыз. Екінші бағыт ол ауруханалар қаншалықты дәрі-дәрмекпен қамтылғанын зерттейміз. Сонымен қатар қазір гуманитарлық көмектердің қалай жеткізіліп, қалай медициналық мекемелерге бөлінетіндігін біздің еріктілер бақылап отырады.

Алматы облысындағы «СҚ-Фармация» компаниясының қоймасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан 53 тоннаға жуық көмек келіпті. Жақын уақытта олардың барлығы Денсаулық сақтау министірлігі арқылы еліміздің барлық аймағына таратылады.

Бұлбұлназ Жұмаділова, қойма меңгерушісінің орынбасары:

- Келісімшартқа қойылған кезде жоспар болады. Стационар бойынша жыл бойына жоспар жасалады. Ай сайын сол жоспарды оларға жеткізіп тұрамыз. Осындай жағдайға байланысты олардың сұранысы бойынша бізге келген сұраныстарды уақытылы жіберіп тұрмыз.

Мамандар антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарды тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдаған жөн екенін ескертеді.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы