424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қосымша 50 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды

  • 253
  • UPD: 14:20, 16.07.2020
ШҚО-да қосымша 50 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысында коронавируска шалдыққан науқастарға арналған орындарды қажетті құралмен жабдықтау жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде, хабарлайды Altaynews.kz.

Бүгінде 196 өкпені жасанды желдету аппаратына қосымша 50 және 57 сандық рентген аппаратына қосымша 10 аппарат сатып алынды.

Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен online-брифинг барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлімдеді.

«Осыған дейін 175 оттегі концентраторға қосымша бүгін 30 келіп түссе, 17 шілдеген дейін 160, 1 тамызға дейін тағы 133 аппарат алынады. Сондай-ақ 200 монитор, 200 инфузомат, 3 ЭКМО құрылғысы, 178 пульсоксиметр, 12 өкпені жасанды желдету аппараты (оның ішінде 2 данасы балаларға арналған), және 1 компьютерлік томограф сатып алынды», - деді басқарма басшысы.

Қазірдің өзінде облыста 15 компьютерлік томография әр аудан-қала бойынша тіркеліп, тәулік бойы жұмыс жасап тұр.

Сонымен қатар жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында қосымша 216 көлік сатып алу жоспарланған. Алғашқы 100 көлік қыркүйек айында қолданысқа берілмек.

Хабар 24 телеарнасы