423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 51 дәрігер коронавирустан көз жұмды

  • 250
  • UPD: 14:55, 16.07.2020
Елімізде 51 дәрігер коронавирустан көз жұмды

Елімізде қауіпті кеселден 51 дәрігер қайтыс болды, хабарлайды «Хабар 24».

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев осылай деді. Көз жұмған 42 медицина маманына Президент тапсырмасымен мемлекеттік наградалар табысталған. Қазір елдегі ауруханаларда 9 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр. Олардың 300-ден астамы ауыр хәлде. Індет жұқтырған 192 бала бар. Дәрігерлер оларға тиісті көмек көрсетуде. Наурыз айынан бері елімізде 1 млн 700 мыңнан астам зерттеу жүргізілген. Небәрі 5 айда біздің ел көрші Қытайдан 696 мың тест жүйесін сатып алған екен. Кеткен шығын – 3 млрд теңге. Жақын уақытта тағы 1 млн 200 мың тест жүйесін сатып алу көзделіп отыр.

Тимур Сұлтанғазиев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы:

- Наурыз айынан бері Қытайдан 3 миллиард теңгеге 696 мың тест жүйесі сатып алынды. Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 1 миллион 700 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 971 мың зерттеу ұлттық сараптама орталығында жүргізілді. Ал қалған зерттеулер жеке медициналық және медициналық ұйымдарда, денсаулық сақтау басқармаларындағы зертханаларда жасалды.

Хабар 24 телеарнасы