424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның 63 медицина мекемесіне Катардан гуманитарлық жүк жеткізіледі

  • 171
  • UPD: 15:28, 16.07.2020
ШҚО-ның 63 медицина мекемесіне Катардан гуманитарлық жүк жеткізіледі

Шығыс Қазақстандағы 63 медицина мекемесіне Қатар республикасынан келген гуманитарлық жүк жеткізіледі, хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында бетперде, жұқпалы індеттен сақтауға арналған костюмдер мен респираторлар бар. Бүгінгі күні ең қажетті заттардың мекеме қабырғасына жетуін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қадағалдайды. Жүкті өткізу және қабылдап алу есеп құжаттары сәйкестендіріліп, тексеріледі. Қажет болған жағдайда кез келген ауруханада тексеріс жүргізілуі мүмкін. Басты мақсат – гуманитарлық көмекпен келген қорғаныш заттарының сатылымға түсіп кетпеуін бақылау. Егер ондай жағдай анықталса, сатушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал.

Жігер Байділдин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Егер де сіздер осындай бір гумантиралық көмек ретінде келген заттарды біздің дәріханаларда сатып алып жатқан фактілерге тап болсаңыздар немесе осындай мәлімет мәлім болса, онда ондай ақпараттарды бізді сыбайлас жемқорлыққа қарсі іс қимыл департаментін центр call-центр арқылы 1424 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз. Біз ондай ақпарат болған жағдайда тексеріс ұйымдастырып, тиісті шараларды қабылдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы