431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшқыш Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды

  • 299
  • UPD: 15:37, 16.07.2020
Ұшқыш Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды

«Эйр Астана» ұшқышы Қанат Сиденғалиев пневмониядан көз жұмды.

Оның өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ұшқыштың ұлы Мұстахим Сиденғалиевтің айтуынша, Қанат Сиденғалиев кеңестік кезеңнен бері ұшқыш болған. Ол өмірінің 36 жылын әуеде өткізгенін айтты.  

Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев «Эйр Астана» компаниясында жұмыс істеп, Airbus А-320 экипажының капитаны болды. 

Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлап, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген.

Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті. 

Хабар 24 телеарнасы