418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дезинсекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды

  • 104
  • UPD: 15:49, 16.07.2020
Елордада дезинсекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды

Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жалғасуда. 15 шілдеде зиянкестерге қарсы өңдеудің кезекті, төртінші кезеңі басталды. Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Жанар Бескемпірова дезинсекция жұмыстары елорданың барлық төрт ауданында бір уақытта басталғанын айтты.

«15 күннің ішінде жұмыс бүкіл қала бойынша, оның ішінде шет аймақтарда да жалғасады. Өңдеу кезінде масаларға қарсы «Агран», шыбын-шіркейлерге қарсы «Фаскон» сияқты препараттар қолданылады», – деп түсіндірді Ж.Бескемпірова.

Жұмыс масалардың үнемі өсу-көбею орындарында және елорданың айналасындағы су қоймаларында, қорғаныс тосқауылында жүргізілетін болады. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық аумақтарды – көшелер, саябақтар мен скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы осы жазда зиянкестермен күресудің бес кезеңі өтеді.

Хабар 24 телеарнасы