429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының таулы аймақтарында өрт қаупі жоғары

  • 243
  • UPD: 15:52, 16.07.2020
Алматының таулы аймақтарында өрт қаупі жоғары

Қазіргі кезде Алматының таулы аймақтарында өрт қауіпі жоғары, хабарлайды «Хабар 24».

Шілденің шіліңгір ыстығында тілсіз жауды ауыздықтау қиын. Сондықтан сақтық шаралары күшейтілді. Бұл жөнінде бүгін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары онлайн брифингте баяндады. Маусым айынан бері Алматыда 231 өрт ошағы тіркеліп, 33 гектар құрғақ шөп жанып кеткен. Жағдайларды алдын алу мақсатында демалушыларға қауіпсіздік жөнінде 4 мыңнан аса ескерту таратылып, 60-қа жуық рейд өтті. Таулы орманды және ашық жерлерде от жаққаны үшін 40 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2 адамға 277 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Арман Байгелов, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

- Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және тыйым салынған жерлерде от жаққандары үшін ТЖ департаменті мен Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға уәкілеттік берілгенін атап өткім келеді, жеке тұлғаларға 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткішімен 27 мың 780 теңгеден 277 мың 800 теңгеге дейін айыппұл салынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы