422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 3,6% артты

  • 211
  • UPD: 16:32, 16.07.2020
Биыл металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 3,6% артты

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша металлургия өндірісінің көлемі 3,1% өсті.

Оң нәтиже тау-кен өндіру секторында 2,2%, өңдеу секторында 4,8% байқалады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан шикізат тауарларын және металл өндіру көрсеткіші бойынша әлемде жетекші орынға ие. Минералдардың таралуы, қоры және ресурстары елімізде пайдалы қазбаларды әзірлеу мен өндіруді кеңейтуге мүмкіндік мол екенін дәлелдейді. 

Жыл басынан бері тау-кен өндіру секторында түсті кен өндіру 3,4% артты. Темір кенін өндірудің өсімі өнімді дәстүрлі нарықтардан Қытайға бағыттау арқылы 4,7% артқан. Сондай-ақ «ССКӨБ» АҚ (+2%), «Өркен» ЖШС (+19%), «Bapy Mining» ЖШС (+6%) кәсіпорындарында өндіріс көлемі ұлғайған.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 5,8% артып, тазартылған мыс өндіру көрсеткіші 13%, құйма алтын 23,7%, түйіршіктердегі күміс 23,5%, мыс сымы 6% өскен. Болат (-6%), рельстер (-12%), болат құбырлар (- 11%) өндірісінің көлемі төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы