418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда COVID-19 дертімен ауырғандарды емдеуге әскери дәрігерлер көмектеседі

  • 137
  • UPD: 19:56, 16.07.2020
Ақтауда COVID-19 дертімен ауырғандарды емдеуге әскери дәрігерлер көмектеседі

Маңғыстау облысында вирус жұқтырып, пневмониямен ауырған науқастарды емдеуге әскери дәрігерлер мен медициналық университетті биыл бітірген жас түлектер жұмылдырылатын болды.

Аймаққа Шығыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе қаласынан әскери дәрігерлер және жас мамандар ұшып келді. 12 әскеридің 6-ы Семейдегі, 4-і Өскемендегі, қалған екеуі Ақтаудағы әскери бөлімдердің дәрігерлері. Арасында хирургия және терапия салаларында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандар бар.  Сондай-ақ коронавируспен күресуге жақында ғана қолына дипломын алған жас түлектер де қолұшын береді. 10 жас дәрігер ертеңнен бастап өңірдегі провизорларға бөлініп, жұмыстарын бастайды. Жалпы, Маңғыстауға 26 жас маман келеді. Оның 15-і интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. 4 ақтөбелік маман Маңғыстауда тұрақты түрде еңбек етуге ниетті. 

Нұрдәулет Қилыбай, қала әкімі:

- Елде болып жатқан, оның ішінде Маңғыстауда болып жатқан індетпен күресті одан әрі күшейте түсу мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің өтінішімен, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, Ақтауға бірнеше әскери дәрігерлер мен медицина урниверситетінің түлектері келіп қонды. Олар ауруханаларда емдеу шараларын жүргізетін болады. Өз тарапымыздан барлық жағдайды жасаймыз.

Венера Қалжанова, медицина университетінің түлегі:

- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің биыл бітірген жас түлектеріміз. Интернатура мамандығы бойынша бітіріп келіп жатырмыз. Маңғыстау облысының халқына көмек қолымызды созуға, барынша адал қызмет атқаруға келіп тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы